
Бұл жайында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов СҚО әкiмдiгiнiң отырысында жариялады.
«Бiз жыл бойы Киров зауыты бойынша жұмыс жасадық. Қазiр жаңа қондырғылар алынуда. Жуырда зауыт 13 млрд. теңгенiң тапсырысын ұтып алды. 2018 жылы өндiрiс көлемi 4,6 млрд. теңгенi құраса, биыл 20 млрд. теңгеге жетпек. Яғни, 5 есеге өсiп отыр», — дедi Құмар Ақсақалов.
Айта кетейiк, Киров зауыты мен Петропавл ауыр машина жасау зауытында соңғы 10 жылда алғаш рет жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл бағытқа республикалық бюджеттен 6,7 млрд. теңге бағытталды. Солтүстiкқазақстандық зауыттар 300 жоғары өнiмдi жаңа қондырғы сатып алады.