
Халықаралық әйелдер күнi қарсаңында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов солтүстiкқазақстандық әйелдердi мерекемен құттықтады. Салтанатты жиын Погодин театрында өттi. Театр фойесiнде нәзiк жандыларды сыйлық күтiп тұрды. Мереке қонақтарына гүл шоқтары сыйланды.
Өз сөзiнде өңiр басшысы әйелдер қауымының ел және өңiр дамуына қосып жатқан үлесi зор екенiн атап өттi. Қазiр мемлекеттiк органдарда әйелдер басшылық қызмет атқарып жүр. Өңiрде әрбiр үшiншi депутат — нәзiк жанды. Мемлекеттiк қызметшiлердiң 63 пайызы әйелдер болып табылады. Өңiрдегi әрбiр төртiншi кәсiпорынды бизнеследи басқарады. Қызықты факт: Солтүстiк Қазақстан облысы аудан әкiмдерiнiң әйел орынбасарлары саны бойынша елде көш басында.
«Бiздiң облыс республикада аудан әкiмдерiнiң орынбасарлары саны бойынша бiрiншi орын алады. Басшылықта жүрген әйелдер ер адамдарға қарағанда жүктелген мiндеттердi мiнсiз атқарады. Бiз әйел азаматтарды мемлекеттiк қызметке тартып, басшылыққа ұсынуды жалғастыра беремiз. Менiң ойымша, әйелдер аудан әкiмi болатын кез келген сияқты», — дедi Құмар Ақсақалов.
Өңiр басшысы отбасы мен қоғамда ерекше орын алатын ананың маңызды рөлiн атап өттi. Көп балалы аналарға облыс әкiмi «Күмiс алқа» белгiсiн табыс еттi. Облыс дамуына үлес қосқан бiрқатар солтүстiкқазақстандық нәзiк жандылар облыс әкiмiнiң құрмет грамотасы және алғыс хатымен марапатталды.