
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Facebook әлеуметтiк желiсiнде жеке парақшасын ашты. Алғашқы жазбасында облыс әкiмi аталмыш әлеуметтiк желiнiң атқарушы билiк пен халық арасындағы байланыс көпiрi екенiн баса айтты. Өңiр басшысының айтуынша, ол жеке парақшасын пiкiрталастар алаңына айналдырмақ.
«Жеке парақшамда Солтүстiк Қазақстан облысының өмiрiндегi тың жаңалықтармен, өңiрiмiздiң дамуына қатысты өз ойларыммен бөлiсiп отыратын боламын. Аймақтың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға қатысты ұсыныстарыңыз бен ескертулерiңiз болса жаза отырыңыздар. Менiң парақшам ашық диалог алаңына айналуы тиiс», — деп жазған Құмар Ақсақалов фейсбуктегi бiрiншi жазбасында.