
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылықты алдын-алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi. Комиссияның отырысында аудандарда құқық бұзушылық профилактикасының кешендiк жоспарын iске асырылуы және қоғамдық қауiпсiздiк деңгейiн нығайту мәселелерi қарастырылды.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы да өттi. Жиналыста денсаулық сақтау және еңбек қатынастары салаларында құқық бұзушылыққа қарсы iс-қимыл шараларының жүргiзiлуi талқыланды.
Отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкiмi Құмар Ақсақалов мемлекеттiк-құқықтық бөлiмге комиссия мүшелерiнiң пiкiрiн ескерiп, нақты ұсыныстар әзiрлеудi тапсырды.