Уәлиханов ауданында шұғыл штаб жұмыс iстеуде

Уәлиханов ауданында шұғыл штаб жұмыс iстеуде

Кешеден берi Ақмола облысында орналасқан Селетi су қоймасынан жылдық нормадан асатын көп көлемдегi су жiберiлуде. Қазiр Селетi өзенiнде су деңгейi көтерiлу үстiнде. Су басу қаупi мүмкiн Уәлиханов ауданының екi ауылы бар: Қаратал және Қулыкөл. Осыған орай, алдын-ала дайындық жұмыстары қолға алынды.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың басшылығымен сол жерде шұғыл штаб ұйымдастырылды. Жергiлiктi билiктiң басты мақсаты — адамдардың өмiрi мен денсаулығын, мүлкiн сақтап қалу болып табылады.