Уәлиханов ауданында жағдай тұрақты

Уәлиханов ауданында жағдай тұрақты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың облысымыздың ең шалғай нүктесi — Қулыкөл ауылында тасқынға тосқауыл жұмыстарын басқарып жүргенiне екiншi күн. Бұл елдi-мекенде кешеден берi шұғыл штаб жұмыс iстеуде. Барлық қызметтер жұмылдырылып, жұмыстар түнi бойы жалғасты.

Адамдардың денсаулығы, өмiрi және мүлкiн сақтап қалу үшiн барлық iс-шаралар атқарылуда. Бүгiн Сiлетi су қоймасының су бекеттерiнде су деңгейiнiң төмендеп жатқаны тiркелдi. Уәлиханов ауданында жағдай тұрақты.