СҚО әкiмi көршiлес облыстардың ТЖ қызметтерiмен байланысты нығайтуды тапсырды

СҚО әкiмi көршiлес облыстардың ТЖ қызметтерiмен байланысты нығайтуды тапсырды

Көктемгi тасқын мәселесi СҚО әкiмдiгiнiң отырысында талқыланды. Қазiргi таңда өңiрде жағдай тұрақты, тұрғын үйлердi су басу фактiлерi тiркелген жоқ.

Сiлетi су қоймасынан жiберiлген су Уәлиханов ауданында су деңгейiнiң тез көтерiлуiне әкелiп соқты. Қазiр Қулыкөл және Қаратал ауылдарының маңында су деңгейiнiң төмендегенi байқалады. Қос ауылдың тұрғындары өз үйлерiне оралды. Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бұл жағдай кейбiр кемшiлiктердiң бетiн ашты.

«Уәлиханов ауданындағы жағдай өңiр қызметтерiнiң Ақмола облысындағы әрiптестерiмен үйлеспей жұмыс iстеуiн көрсеттi. Уақытында хабарламау және Ақмола облысының ТЖД-мен сылбыр өзара әрекеттесу төтенше жағдайға алып келе жаздады. СҚО әкiмiнiң орынбасары Антон Федяевке аталған фактiлер бойынша мән-жайды анықтап, тиiстi қорытындыларды шығаруды тапсырамын», — дедi Құмар Ақсақалов.

Бүгiнгi таңда Сергеев су қоймасына судың келуi және тисiнше Есiл өзенiнiң арнасынан шығуы күтiлуде. Барлық қызметтер бұған дайын болу керек, — дедi өңiр басшысы. Есiлдiң бойындағы елдi-мекендердi қорғап, саяжайларды тексерiп шығу керек.