«Болашақ» түлегi «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды

«Болашақ» түлегi «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды

Евгений Глотов «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды. СҚО әкiмi, Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасы Құмар Ақсақалов Евгений Глотовты саяси кеңес бюросының және филиал аппаратына таныстырды. Евгений Глотов «Болашақ» бағдарламасының түлегi, үш тiлдi жетiк меңгерген. Бұл қызметке дейiн ол Петропавл қаласы әкiмiнiң орынбасары болып жұмыс iстедi.

Өңiр басшысы Артур Кенжеәкiмұлы Молдағұловқа бiрлескен партиялық жұмыс үшiн алғысын бiлдiрдi. Артур Молдағұлов мемлекеттiк қызметке ауысады.

Облыс әкiмi Елбасының тапсырмасына сай өңiрде үлкен жобалардың iске асып, қомақты қаржы құйылатындығын жеткiздi. Тиiсiнше қатаң партиялық бақылау қажет.

«Ашық бюджет» жобасы жүзеге асуда. Әкiмдiктердiң интернет сайттарында азаматтар бюджеттiң қалай жұмсалып жатқанын бақылап отыра алады. Интерактивтi карта жасалуда, ол жерде құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу барысын қадағалауға мүмкiндiк туады. Жуық арада жөндеу және құрылыс науқаны басталады. Партия тарапынан қатаң бақылау керек. Депутаттар, партия белсендiлерi және аудандық құрылымдарды осы жұмысқа араласуға шақырамын. Барлық iс-әрекеттердi, заңсыздықтарды тiркеу қажет. Сапасыз жұмысқа жол берiлмесiн. Осындай фактiлер тiркелсе, мердiгерлердi қайта жасауға мiндеттеу қажет», — дедi Құмар Ақсақалов.