
СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Руслан Қанатханұлы Әлiшев Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелерi жөнiндегi орынбасары болып тағайындалды.
Руслан Әлiшев СҚО-ның тумасы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiн тәмамдаған.
2004-2013 жылдары ─ Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң инспекторы, Iшкi саясат басқармасының орынбасары және басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң орынбасары.
2013-2018 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетi Электрондық БАҚ басқармасының басшысы, «Нұр Отан» орталық аппараты Саяси жұмыстар департаментiнiң директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат комитетi төрағасының орынбасары.
2018 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң «Орталық коммуникациялар қызметiнiң» басшысы болып жұмыс iстедi.
Мадияр Қожахмет басқа жұмысқа ауысуына байланысты СҚО әкiмi орынбасары қызметiнен босатылды.