СҚО-да мал шаруашылығын дамыту бағытындағы үш генетика орталығы ашылады

СҚО-да мал шаруашылығын дамыту бағытындағы үш генетика орталығы ашылады

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында 2019 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындылары шығарылды. Барлық бағыттар бойынша өсiм байқалады, экономика өсiмi 106,3% құрады. Ауыл шаруашылығында өсiм 3,1%. Облыс әкiмi өнiмдi қайта өңдеуге басымдық беремiз дейдi.

«Бiз ет өндiрiсi көлемiн 58 мың тоннаға дейiн жеткiзуiмiз керек. Бiзде мал шаруашылығы саласында үш генетика орталығы ашылады. Еттi қайта өңдеудi 45 пайызға дейiн ұлғайту керек. Биыл 5 сүт фермасын iске қосамыз. Осының арқасында сүт өндiрiсiнiң көлемiн 570 мың тоннаға жеткiзе аламыз. Бидайды қайта өңдеу көлемi 600 мың тонна дейiн ұлғаймақ», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өндiрiс 3,8% өстi, алайда «ЗИКСТО» және «ПЗТМ» зауыттарында мәселелер баршылық. Облыс әкiмi бұл бағытта жұмысты күшейтудi тапсырды.

«Жұмыстарыңыз сылбыр. Бәрi тек әңгiме деңгейiнде ғана. Барлық мүмкiндiктердi пайдалану керек. 2019 жылғы басты мақсат — машина жасау саласында өндiрiс көлемiн 30 млрд. теңгеге дейiн жеткiзу», — дедi Құмар Ақсақалов.

Құрылыс саласында өсiм 21,7% құрады. Бұл бағытта жұмыстың қарқынын бәсеңдетпеу керек. Инвестициялар көлемi де 11% өсiп, 30 млрд. теңгенi құрады. Жиынды қорытындылай келе, аймақ басшысы барлық салаларда оң өсiм тiркелу керек дедi.