Солтүстiк Қазақстанда жаңа мектеп ашылды

Солтүстiк Қазақстанда жаңа мектеп ашылды

Бүгiн Бескөлде 300 орынға шақталған жаңа мектеп ашылды.⠀Бұл жайында өз парақшасында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов жазды.

«Ауылдың оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде 3,5 мың адам тұрады. Мектеп болмағасын балалар аудан орталығындағы 3 бiлiм ордасында оқып жүрдi. Олар республикалық жолдың басқа жағында орналасқан. Бұл жерде балалардың қауiпсiздiгi мәселесi тұрды. Бастауыш сыныптардың балалары автобуспен тасымалданды.⠀

Екi жыл бұрын есептiк кездесуде ата-аналар осы сауалды көтерген едi. Бүгiн мiне мәселе шешiмiн тапты. Жаңа әрi заманауи мектеп балаларға аяқ аттам жерде орналасқан», — деп жазды облыс әкiмi.