Құмар Ақсақалов: «Тұрғындарға қиын сағатта көмектесу керек»

Құмар Ақсақалов: «Тұрғындарға қиын сағатта көмектесу керек»

«Нұр Отан» СҚОФ 30-шы кезектен тыс конференциясы өттi. Жиналысқа СҚО әкiмi, облыстық филиал төрағасы Құмар Ақсақалов қатысты.

Өңiр басшысы Елбасының тапсырмаларын орындау бойынша мiндеттерге тоқталды. Басты назарда партиялық 5 жоба бар. «Халыққа» көмек жобасы аясында қоғамдық қабылдаулардың жұмысына қарқын қосу қажет.

«Қазiр және осында принципi бойынша жұмыс жасау керек. Яғни, тұрғындардың өтiнiштерiне жылдам жауап беру қажет. Тосудың қажетi жоқ. Өзiмiз адамдарға барып, көмек қолын созу қажет. Азаматтарға қиын сағатта көмектесу керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл — ел бесiгi» және «Кедергiсiз келешек» жобалары бойынша да белсендi жұмысқа кiрiсу қажет дедi.