«Тарихи құндылықтарды дәрiптеу — ерекше назарда» — СҚО әкiмi

«Тарихи құндылықтарды дәрiптеу — ерекше назарда» — СҚО әкiмi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов қаланың бiрқатар құрылыс нысандарын аралап, тарихи-мәдени ескерткiштердi қалпына келтiру жұмыстарының барысымен танысты.

Қазiр «Жас Өркен» қарқынды дамуда. Бұл ауданда жаңа үйлер, әлеуметтiк нысандар бой көтеруде. Биыл 500 орындық жаңа театр салынады. Театр жаңа қондырғылармен жабдықталмақ. Құмар Ақсақалов мәдени құндылықтардың дәрiптеу қажеттiгiн атап өттi. Өңiр басшысы мектеп салынатын құрылыс алаңына да барды.

«Қазiр облыста мектептерге сұраныс жоғары. 2017 жылы 1 сыныпқа 7600 бала барса, былтыр 9000 оқушы мектеп табалдырығын аттады. Қазiр қалада 1500 орынға шақталған екi мектеп салынуда. Биыл Уәлиханов көшесiнде тағы 900 орындық мектептiң құрылысы басталмақ», — дедi аймақ басшысы.

«Dostyk Mall» сауда-ойын-сауық кешенi қаламыздың көркiне айналады. Бұл орталық демалыс, ойын сауық әрi сауда-саттыққа таптырмас орын болады. Қалаған әлемге танымал Бургер Кинг және Нейтанс фуд корт саласының компаниялары кiрмек.

Облыс әкiмiне Ойқала ауданындағы Потанин көшесiн қалпына келтiру бойынша презентация жасалды. Бұл ауданды аспан астындағы мұражай қылып жасау идеясы бар.

«Бiзге өңiрiмiздiң тарихын дәрiптеп, дамыту керек. Ойқала ауданында аспан астындағы мұражай жасау ойымыз бар. Потанин көшесiн мұражайға айналдырамыз. Бұл жерде тарихи стилде үйлер, қоршаулар, шамдар болады. Кiшi сәулеттiк формаларды қоямыз», — дедi облыс әкiмi.

«Шамсутдинов» сауда үйi тарихи-сәулеттiк нысандардың қатарында. Ғимарат 20 ғасырдың басында салынған6 30 жылға жуық бос тұрды. Қазiр жеке кәсiпкер ғимаратты қалпына келтiруде.

Облыс әкiмi апатты үйлердiң де тұрғындарымен кездестi. Петропавлда көп жылдар бойы апатты үйлердiң мәселесi шешiлмей келдi. Былтыр 3 үй сүрiлдi. Биыл Первомай көшесiнде 4 апатты үй сүрiледi. 14 жеке үй құлатылады. Тұрғындар баспанаға ие болады.

«Қазiр Петропавлда 17 апатты үй бар. Бұл сұрақты бiртiндеп шешемiз. Былтыр 3, биыл 4 үй, келесi жылға 5 үйдi сүрудi жоспарға енгiземiз. Бұл жерде екi көп қабатты үй тұрғызамыз.Осылайша бiз ескi үйлердi сүре отыра, қалалықтарды баспана жағдайын жақсартамыз, үйлердiң орнына жаңа көп қабатты баспана тұрғызамыз. Бiр сөзбен айтқанда, қаланың көркiн өзгертiп жатырмыз», — дедi Құмар Ақсақалов.