
Солтүстiк Қазақстан облысына ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Гүлшара Әбдiхалықова бастаған Үкiмет тобы келдi. Сапардың басты мақсаты — Елбасының «Әлеуметтiк қамқорлық» әлеуметтiк шараларын iске асыру. Оқушылар сарайында вице-премьер өңiр тұрғындарымен кездестi.
«Бiз Солтүстiк Қазақстан облысында, әсiресе Петропавлда көп iстiң тындырып жатқанын көрiп отырмыз. Қазiр ауылдың инфрақұрылымына көп көңiл бөлемiз. Ауыз су және газбен қамтамасыз етуге басымдық беремiз. Бағдарлама үш жылға арналған, оны жүзеге асыруға 2,3 трлн. тг бағытталмақ», — дедi Г. Әбдiхалықова.
Сапар барысында вице-премьер кәсiпорындар басшылары, бизнес-құрылымдар және кәсiподақ өкiлдерiмен кездестi. Сондай-ақ «Серпiн-2050» және «Еңбек» бағдарламаларының игерiлуiне арналған жиын өттi.