СҚО және Ақмола облысының әкiмдерi хоккей ойнады

СҚО және Ақмола облысының әкiмдерi хоккей ойнады

СҚО-на жұмыс бабымен Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев бастаған делегация келдi. Құмар Ақсақалов пен Ермек Маржықпаев қаламыздағы кәсiпорындарды аралап, Оқушылар сарайының жұмысымен танысты. Сондай-ақ қос басшы СҚО және Ақмола облысы арасында хоккейден өткен жолдастық кездесуге қатысты.