СҚО әкiмi сенбiлiкке шықты

СҚО әкiмi сенбiлiкке шықты

Бүгiн облыс орталығында жалпықалалық сенбiлiк өттi. Аға буын мен жастар, спортшылар мен мемлекеттiк қызметшiлер орталық саябақты жинауға атсалысты. Сенбiлiкке облыс әкiмi Құмар Ақсақалов та шығып, өз үлесiн қосты.

Облыста өңiрдегi елдi мекендердi абаттандырға, көгалдандыруға және санитарлық тазалауға арналған үшайлық жарияланды. Соған орай көшелердi, аулалар мен скверлердi тазалауға, жолдар мен жаяужолдарды жөндеуге, балалар мен спорт алаңдарын қалпына келтiруге, ағаштар отырғызуға бағытталған бiрнеше маңызды шаралар белгiленiп отыр.

«Барлық кәсiпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдары жалпы қамқорлықтан сырт қалмайтындығына сенiмдiмiн. Аулаiшiлiк аумақтарды, кәсiпорындар мен әлеуметтiк нысандардың маңайларын тәртiпке келтiре бастағандардың барлығына шынайы ризашылығымды бiлдiремiн және өз көршiлерiңiздiң, әрiптестерiңiздiң, жақын туған-туысқандарыңыздың бастамасын бiр кiсiдей қолдаңыздар дегiм келедi. Көктем — табиғаттың жаңа өмiрлiк кезеңiн бастайтын және жаңаратын уақыты. Оның үстiне, алдымызда жалпыхалықтық сүйiктi мамыр мерекелерi келе жатыр».

Өңiр басшысы мектеп түлектерiн де қаланы көгалдандыруға шақырды. Биыл Петропавлда 800 түдек мектеп бiтiредi. Оларға арнайы көшеттер мен көшелер дайындалмақ.