Солтүстiкқазақстандықтар Қазақстан халқының бiрлiгi күнiн атап өттi

Солтүстiкқазақстандықтар Қазақстан халқының бiрлiгi күнiн атап өттi

Петропавлдың басты алаңында Қазақстан халқы бiрлiгi күнiне арналған мерекелiк шара өттi. Облыс тұрғындарын мерекемен өңiр басшысы Құмар Ақсақалов құттықтады

«Жуырда өткен Ассамблеяның XXVII сессиясында Елбасы халық бiрлiгi — басты құндылығымыз, ол бiзге ауадай қажет дедi. Оның сөздерi елiмiздегi ахуалды дәл сипаттағандай. Толерантты қарым-қатынас, өзара сыйластық басқа елдерге үлгi болды. Бұл жерде Ассамблеяның алар орны ерекше. Этномәдени бiрлестiктердiң басшыларына бiрлiктi нығайтуда атқарып жатқан еңбектерiне алғыс айтамын», — дедi Құмар Ақсақалов.