Солтүстiк Қазақстанда 32 ауыл орталық су жүйесiне қосылады

Солтүстiк Қазақстанда 32 ауыл орталық су жүйесiне қосылады

Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету СҚО әкiмдiгiнiң отырысында талқыланды. Қазiр өңiрдегi тұрғындардың 89,8% орталық су жүйесiне қосылған. 2018 жылы таза ауыз су 38 ауылға келдi.

2019 жылы бұл бағытқа 9,1 млрд.теңге бағытталмақ, қаржы көлемi 40 пайызға өстi. Биыл 32 ауылға су жеткiзу жоспарланған. «Ауыл — ел бесiгi» бағдарламасы аясында 5 аудандағы 27 ауылда су тарату жүйелерi салынады. Петропавлдың жеке секторын да орталық су жүйесiне қосу жоспарда бар.

«Петропавлда қазiр 20 мың үй бар. Оның 72 пайызы орталық су жүйесiне қосылмаған. Қосу құны 200-500 мың теңге тұрады. Бұл қымбат. Қала басшылығынан үйлердi орталық су жүйесiне қосу бойынша ұсыныстар күтемiн», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi елдi-мекендер iшiнде де су тарату жүйесi керек дейдi.