СҚО әкiмi: «Менiң нағашым Кенигсбергте соғысып, Германияға дейiн барды»

СҚО әкiмi: «Менiң нағашым Кенигсбергте соғысып, Германияға дейiн барды»

Жеңiс күнi қарсаңында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов соғыс ардагерлерi Николай Демин мен Сұлтан Мұхамеджановтың шаңырағында болды. Өңiр басшысы қарттарға гүл шоғы мен сыйлықты тарту еттi.

Николай Демин Белорус пен Прибалтика майдандарында соғысты. Жараланған соң танк әскерiне барды. Соғыстан кейiн сумен қамтамасыз ететiн кәсiпорында қызмет еттi.

«9 мамыр бiз үшiн ерекше күн. Ардагерлер мен тылда еңбектенген аға буынға алғысымыз шексiз. Бiз сiздердiң алдарыңызда қарыздармыз. Сiздiң өмiрбаяныңыз — патриотизмнiң нағыз үлгiсi», — дедi Құмар Ақсақалов.

92 жастағы ардагер белсендi өмiр сүредi, жастармен кездесiп тұрады. Өлең оқуды жақсы көредi, өңiр басшысына поэманың бiр шумағын оқып бердi. Облыс әкiмi соғысқа барған өзiнiң нағашысы туралы да айтып бердi.

«Менiң нағашым — Бакен Жұмабаев та соғыс ардагерi, пулеметшi болған. Кенигсбергi алуға қатысқан. Германияның Росток қаласына дейiн жеткен. Соғыстан кейiн ол туған ауылына барып, агроном болып жұмыс iстедi. Бос уақытында өлең жазатын. Қалың дәптерi болатын. Бiз 9 мамырда әрдайым нағашымызға қонаққа барғанда, өлеңдерiн оқып тұрушы едi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi соғыс ардагерi Сұлтан Мұхамеджановтың да үйiне келiп, тiлдестi. Ардагер Украин майданында және атқыштар полкында соғысты. Соғыстан кейiн 40 жыл мемлекеттiк қызметте болды. Облыс әкiмi қарияға алғысын бiлдiрiп, зор денсаулық тiледi.

«Сiздер өмiрдiң көп сынағынан өттiңiздер, облысымыздың, қаламыздың дамуына көп үлес қостыңыздар. Барлығы үшiн алғыс айтамын. Арамызда күлiп-ойнап жүре берiңiздер», — дедi Құмар Ақсақалов.