Солтүстiкқазақстандықтар соғыста қаза болғандарды еске алды

Солтүстiкқазақстандықтар соғыста қаза болғандарды еске алды

Петропавлда еске алу митингiне соғыс ардагерлерi, тыл еңбеккерлерi, жамағат жиналды. Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген облыс әкiмi Құмар Ақсақалов 9 мамыр — тарихтағы еске алу күнi екенiн атап өттi.

«Бұл күн елiмiздiң бүкiл халқын бiрiктiрген, патриотизм мен сенiмдiлiктiң нышаны. Солтүстiкқазақстандықтар майданда Ленинград, Польша, Чехия, Прага және Балтық елдерiн азат етуге қатысты. Елiмiздегi ер адамдардың 70 пайызы соғысқа аттанды. Облысымыздан 91 мың адам аттанса, оның 34 мыңы елге оралған жоқ. Бiзге бейбiт күндi сақтау — аталардан қалған аманат», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жиналғандар соғыста қаза болғандарды бiр минуттық үнсiздiкпен еске алды. Мәңгiлiк алау мен Жеңiс саябағында гүл шоқтарын қою рәсiмi өттi.