
Солтүстiк Қазақстан облысында көктемгi су тасқыны кезеңiнiң қорытындылары шығарылды. Қазiр облыста жағдай тұрақты, судың деңгейi азаюда.
Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында өңiрдегi жағдайдың қиын болғанын атап өттi. Су қоры өткен жылдармен салыстырғанда 6 есе көп болды. Кешендi жұмыстардың арқасында үйлерге су кiрген жоқ. 90 ауылды айнала 530 км қорғау жұмыстары жүргiзiлдi. 20 мың метр су құбыры тазартылды. Бұл кезеңде 11 млн куб. метр су шығарылды. Шұғыл қимылдау үшiн 1400 адам мен 1221 бiрлiк техника жұмылдырылды. Өткен жылы су өткiзгiш 20 құрылғы салынса, биыл тағы 27-сi тұрғызылады.
Облыс әкiмi ең қауiптi жағдай Уәлиханов ауданында орын алғанын атап өттi.
«Уәлиханов ауданындағы Қулыкөл мен Қаратал ауылдарына Ақмола облысындағы Сiлетi су қоймасынан көп мөлшерде су келдi. Менiң басқаруыммен шұғыл штаб жұмыс iстедi. Бiрлескен және жедел жұмыстың арқасында ауылдықтар көшiрiлiп, жағаны бекiту жұмыстары жүргiзiлдi. Бұл ауылдардың жанында 70 млн.текше метр су жиналды. Егер бөгеттi су шайып кетсе, 2 екi метрлiк толқын ауылдарды басып кетер едi. Сондықтан, тиiстi құтқару жұмыстары жүргiзiлдi. Кешендi жұмыстардың арқасында төтенше жағдайға жол берiлмей, адамдардың өмiрi мен мүлкiн сақталды», — дедi Құмар Ақсақалов.