Солтүстiк Қазақстанда 15 мың гектар аумаққа алғаш рет соя егiледi

Солтүстiк Қазақстанда 15 мың гектар аумаққа алғаш рет соя егiледi

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында өңiрдiң 2019 жылдағы 4 айы бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары шығарылды.

4 айдың қорытындысы бойынша экономиканың негiзгi салалары бойынша оң өсiм байқалады. Инвестиция көлемi 34,2% артты. Инвесторлар өңiрге 47 млрд.тг құйды. Құрылыс жұмыстарының көлемi 15,6% өстi. Облыста 28 мың шаршы метр баспана қолданысқа берiлдi. Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы тисiнше 7,5% және 2,7% өстi. 4 айда 8 мың жұмысқа орналастырылды. 4 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.

Облыста аграрлық секторды әртараптандыру жалғасуда. Өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биыл диқандар соя еге бастайды.

«Өңiрде 1 млн. га майлы дақылдарға бөлiнген. Биыл 15 мың гектар аумақта соя өсiре бастаймыз. Тұқым бар, арнайы техника алынды. 2020 жылға 150 мың га межесiн қойып отырмыз. Соя топырақты байытады. Соядан кейiн бидай жақсы өседi. Сөйтiп, бiз ауыл шаруашылығын әртараптандырамыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ өңiр басшысы 40 ауылдың iшiнде 214 шақырым су тарату жүйесiн салуға қосымша қаржының табылғанын атап өттi. Барлығы 400 су колонкасы қойылады. Осы жұмыстың арқасында ауылдықтар үшiн ауыз су қол жетiмдi болады. Ауылдарда биыл 500 үй салынады. Өңiр басшысы аудан әкiмдерiне баспана салу жұмыстарын қарқынды жүргiзуге тапсырды.