СҚО әкiмi жол жөндеу бойынша кепiлдiк мерзiмiн ұзартуды тапсырды

СҚО әкiмi жол жөндеу бойынша кепiлдiк мерзiмiн ұзартуды тапсырды

Автожолдарды күту және жөндеу жөнiнде СҚО әкiмдiгiнiң отырысында талқыланды.

Соңғы үш жылда облыста 1900 шақырым жол жөнделдi. 128 ауылдағы жолдың сапасы жақсарды. Тек биылдың өзiнде 705 шақырым жол жөнделмек.

Дегенмен, облыс әкiмi Құмар Ақсақалов тиiстi органдардың басшыларына атқарылатын жұмыстарға қатаң бақылау жүргiзудi тапсырды.

«Әлеуметтiк желiлерде жүк машиналарының жолда доңғалығымен кiрiп кеткенiн көрсетiп жатыр. Барлық басшыларға жүк машиналарының қозғалысын бақылауға алуды тапсырамын. Жолды жөндеу бойынша да сұрақтар бар. Қоғамды бақылауға тартып, кепiлдiк мерзiмiн ұзарту керек. Аулаларды жөндеп жатқан мердiгерлерге де қатысты», — дедi Құмар Ақсақалов.

Биыл «Жаңажол» және «Қарақоға» бақылау-өткiзу пунктерiн де қайта жөндеу жұмыстары аяқталмақ. «Қызылжар» және «Бидайық» пунктерiн жөндеу жоспарда бар. Сөйтiп, 4 шекара бекетiндегi жол инфрақұрылымы жақсармақ. ҚР жәнк РФ азаматтарына шекара арқылы өту жеңiлдей түспек.

«Бiз биыл екi шекаралық өткелдi жөндеп бiтiремiз. Қаржы бар. Азаматтар үшiн өте қолайлы болады. Жол кеңейтiлiп, бақылау-өткiзу пунктерi көбеймек. Бұл әрине автомобиль кептелiсiн азайта түспек», — дедi өңiр басшысы.