СҚО-да Орталық Азияда теңдесі жоқ ет комбинаты іске қосылды

СҚО-да Орталық Азияда теңдесі жоқ ет комбинаты іске қосылды

Солтүстiк Қазақстан облысында заманауи ет комбинаты iске қосылды. Кәсiпорынның жұмысымен СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов танысты.

Комбинат еттi терең өңдеп, экспорттық өнiм шығармақ. Ет комбинатының шикiзат қуаттылығы — 5 мың тонна ет. 3 мың тонна дайын өнiм шығарады. Бұл шұжық өнiмдерi және жартылай фабрикаттар. Дайын өнiм экспортқа жiберiледi.

«Бұл кәсiпорынның Орталық Азияда баламасы жоқ. Инвестиция көлемi — 5 млрд. тг. Кәсiпорында 74 жаңа жұмыс орны ашылды, барлығы 100 адам жұмыс жасайтын болады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Ет комбинаты немiс технологиясы бойынша салынған. Бiрнеше цех жұмыс iстейдi. Жуырда үлкен шошқа кешенi де ашылды. Оның қуаттылығы 50 мың бас. Қазiр кешенде 92 адам еңбектенуде. Жуырда дәл осындай тағы бiр кешеннiң құрылысы басталады.

Былтыр «Био оперейшейнс» зауыты iске қосылды. Зауытта қазiр 450 адам жұмыс жасауда. Бiрегей кәсiпорын биоэтанол, крахмал мен кiлегей шығарады. Барлығы үш кәсiпорында 600 ден аса жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл кәсiпорындар өңiр экономикасының дамуына зор септiгiн тигiзбек.