СҚО әкiмi қол астындағыларға қызметтiк автокөлiктi сатып алуға тыйым салды

СҚО әкiмi қол астындағыларға қызметтiк автокөлiктi сатып алуға тыйым салды

Бұл жайында Құмар Ақсақалов дүйсенбi күнi СҚО әкiмдiгiнiң отырысында мәлiмдедi.

«Қаржы басқармасы мен аудан әкiмдерiне қызметтiк автокөлiктердi сатып алуды тоқтатуды тапсырамын. Өткен жолы, Петропавл әкiмдiгi жаңа автокөлiктердi сатып алып жатқандығын анықтадық. Оның барлығын тоқтату қажет. Бiзде маңызды бағыттар бар: ауыз су, жол, бiлiм және денсаулық сақтау. Барлық қаражатты осыған бағыттау керек. Ал жаңа көлiк алу күте тұрады. Ескi машинамен де жүруге болады», — дедi Құмар Ақсақалов.