
СҚО әкiмдiгiнiң отырысында пәтерлер иелерi кондоминиумының жағдайы талқыланды.
Обылста 1758 көп қабатты үй болса, оның 1074-сi Петропавлда орналасқан. Оның тек 35 пайызында басқару жүйесi бар. Жаңа заңнама бойынша пәтерлер иелерi бiрлестiгi құрылады. Ол «бiр үй — бiр бiрлестiк — бiр шот» жүйесi бойынша жұмыс iстемек. Қазiр де бұл бағыт бойынша 173 үй жұмыс iстеп жатыр.
«Бiзге адамдарды бiрiктiру керек. Тұрғындар үйдiң ауласы, кiре берiсi, жертөлесi жақсы қалыпта болғанын қалайды. Адамдарды қаржының жұмсалуы да мазалайды. Кондоминиумдарды тiркеп, жауапкершiлiгi мол төрағаларды iздеу керек. Бiзге осындай азаматтар жетiспейдi», — дедi Құмар Ақсақалов.
Жаңа заңның қабылдануы лифт шаруашылығының мәселесiн де шешпек.
«Облыс орталығында 300 лифт бар болса, оның 178-сi жаңартуды немесе ауыстыруды талап етедi. Бұл мақсатқа 2 млрд. тг. қажет. Жаңа заң қабылданса, бiз осы жұмысқа кiрiсе алар едiк. Қала әкiмiне ең бiрiншi кезекте жөндеудi талап ететiн лифтiсi бар үйлердiң тiзiмiн жасау керек», — дедi Құмар Ақсақалов.