
Солтүстiк Қазақстан облысына Алматыдан сынақ үшiн «Golden Dragon» автобусы жеткiзiлдi. Жаңа автобус қала көшелерiмен жүрiп өттi. Қалалықтарды тасымалдау үшiн осындай маркалы автобустарды сатып алу жоспарланып отыр. Жаңа автобустың жайлылығын облыс әкiмi Құмар Ақсақалов, журналистер мен қала жұртшылығы тексердi.
«Жолаушылар тасымалы өзектi мәселелердiң бiрi. Оны тұрғындар жиi көтерiп жүр. Қазiргi автобустар қыста суық, балалар тоңады. Өте тар. Жайлы автобустарды сатып алуға қаржы көзiн iздеп жатырмыз. Мiндеттi түрде пеш және кондиционермен аламыз. Ең бастысы жолаушыларға ыңғайлы болу керек», — дедi Құмар Ақсақалов.
Бұл автобустар Алматыда жиналады. Ұзындығы 11,5 метр, 32 жолаушыға арналған. Жарымжан жандар үшiн пандус орнатылған. Егер автобус сынақтан өтсе, 30-40 автобусты сатып алу көзделген.