Ерекше балаларға үйдегi мереке: Құмар Ақсақалов Аружан мен Софьяға қонаққа келдi

Ерекше балаларға үйдегi мереке: Құмар Ақсақалов Аружан мен Софьяға қонаққа келдi

Халықаралық балаларды қорғау күнi СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мүмкiндiгi шектеулi балаларға қонаққа барды. Өңiр басшысы Аружан Хасетова мен Софья Лукьянченконы мейраммен құттықтап, сыйлықтар табыс еттi.

Аружан Хасетова қазақ мектеп-гимназиясында оқиды. Мұғалiмдердiң айтуынша, Аружан жауапты әрi ақылды оқушы. Күнделiгiнде тек төрт пен бес қана. Облыс әкiмi бiлiмге ұмтылған Аружанға мақтау айтты.

«Аружан, сенi бүгiнгi халықаралық балаларды қорғау күнiмен құттықтауға келдiм. Сенiң жақсы оқитыныңды бiлемiн. Өз алдыңа үлкен мақсаттар қойып отырсың. Үлкен нәтижелерге қол жеткiзесiң деген сенiмдемiн», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы Софья Лукьянченконы да мейраммен құттықтады. Софья облыс әкiмiне өзiнiң суреттерi мен туындыларын көрсеттi. Болашақта Софья дизайнер болуды армандайды.

«Софья, сен өзiңе нақты мақсат қойып отырсың. Ұмтылып жатсың, жарайсың. Ерекше балалардың мәдениет және спорт салаларында биiк белестердi бағындырған мысалдары көп. Тiптi АҚШ президентi Франклин Рузвельт отырып, елдi басқарған. Сенiң мақсатың айқын — дизайнер болу. Арманыңа жет», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жарымжан балаларға әрдайым қамқорлық қажет. Құмар Ақсақалов бұдан былай балаларға жиi қонаққа келiп, қала бойынша саяхат ұйымдастырып тұрмақ. Облыс әкiмi Аружан мен Софьяны заманауи оқушылар сарайын аралауға шақырды.