
Бүгiн Петропавлда 18 жаңа реанимобилдiң таныстырылымы өттi. Жаңа машиналардың жұмысымен өңiр басшысы Құмар Ақсақалов танысты.
Облыста 41 жедел жәрдем көлiгi бар. Оның 10-ы заманауи. Соңғы 3 жылда 6 реанимобиль алынды. Бүгiн тағы Хюндай маркалы 18 реанимобиль келдi. Жыл соңына дейiн тағы 20 реанимобиль аудандарға жөнелтiледi. Олар қажеттi қондырғылармен қамтамасыз етiлген.
«Осы күнге дейiн облыс жедел жәрдеммен 76% қамтамасыз етiлген едi. Жаңа көлiктердiң арқасында 100% жеткiземiз. Пандемия кезiнде жедел жәрдемнiң жұмысы аса маңызды. Денсаулық сақтау жүйесi iндеттiң екiншi толқынына дайын болу керек. Бiз жедел жәрдем бригадаларының санын 32-ден 50-ге дейiн көбейте аламыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Жалпы, соңғы 3 жылда денсаулық сақтау саласына 113 млрд.тг бөлiндi. Биыл 56 млрд. тг. бөлiндi, 2017 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Медициналық ұйымдарға көлiк алуға соңғы 3 жылда 633 млн. тг. бөлiндi. 82 бiрлiк санитарлық көлiк алынды.