
Оқу жылы аяқталған соң мектептерде ауқымды күрделi жөндеу жұмыстары басталды. 120 бiлiм ошағын жөндеуге 5 млрд.тг бөлiндi. Былтырғы жылдармен салыстырғанда сома 12 есе көп. Бұл мектептерде оқушылардың жартысынан көбi оқиды, яғни 35 мың.
Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов мектептердi аралап, жөндеудiң сапалығын тексердi.
«Балаларға жылы, жарық әрi ыңғайлы болу керек. Басты принциптер осы. Оқушылар сыныптарда тоңып жүретiн жәйттер бар. Жөндеуден кейiн балалар, мұғалiмдер мен ата-аналарға жақсы жағдай жасалады», — дедi Құмар Ақсақалов.
Өңiр басшысы құрылысшыларға сапалы жұмыс жасауды тапсырды. Жөнделген мектеп көптеген жылдарға жету керек.