
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Имантау-Шалқар курорт аймағының туристiк нысандарын аралады. Заманауи «Изумрудное» демалыс базасы бiр жылда салынды. Туристiк нысанды тұрғызған жергiлiктi кәсiпкер Александр Воронов.
«Бұл демалыс орны бiр жылда салынды. Демалушыларға бар жағдай жасалған. Ыстық және ауыз су, абаттандырылған жағажай, балалар алаңқайы бар. Демалыс базалары осындай деңгейде болуы тиiс», — дедi Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ өңiр басшысы «Шалқар су» санаторийiн қайта қалпына келтiру жұмыстарымен де танысты. Жаңа инвестор 1 млрд.теңге қаржы құюда. Бұл емдеу орны 200 адамды қабылдай алады. 50 адам еңбек етедi.
«Санаторийде радон және сазбен емделуге болады, тұзды көл бар. Бiздiң тұрғындар үшiн демалатын және емделетiн жақсы жер болады. Кәсiподақ жолдамалары бойынша мұғалiмдер, дәрiгерлер, ардагерлер осында демалмақ», — дедi Құмар Ақсақалов.
Қазiр курорт аймағында 38 туристiк нысан бар. Былтыр 411 млн. теңгеге 10 жоба жүзеге аса бастады. Биыл 7 демалыс базасы ашылмақ.
Инфрақұрылымның дамуына да көңiл бөлiнедi. Биыл жолдарды жөндеуге 3 млрд.теңге бөлiнген. «Визит орталығы» салынып, Имантау көлiнiң жағалауы қалыпқа келтiрiледi. Ботай мәдениетiнiң мұражайы да ашылмақ.