Солтүстiкқазақстандық зауыттар жоғары өнiмдi қондырғылар алуда

Солтүстiкқазақстандық зауыттар жоғары өнiмдi қондырғылар алуда

Машина жасау саласының қос үздiгi — ПАМЖ және Киров зауытында жаңғырту жұмыстары жүргiзiлуде. Бұл бағытқа кешендi жоспар аясында 6,7 млрд теңге бөлiнген.

Кәсiпорындарға жаңа техника келiп түсуде. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Киров зауытының жаңа цехiн аралады. Жаңа қондырғылар 2,2 млрд.теңгеге алынды. Цехта тұрмыстық техникаға арналған бөлшектер шығарылмақ.

«Бұл кешендi жоспардың «алғашқы қарлығаштары». Жаңа цех өнiм көлемiн 2 млрд.теңгеге ұлғайтпақ. Яғни, бiр жылдың iшiнде қондырғы өзiн ақтап шығады. Қосымша 48 жұмыс орны ашылады», — дедi Құмар Ақсақалов.

ПАМЖ зауыты да жаңғыруда. 39 қондырғының 11-i жеткiзiлдi. Үш жылда кәсiпорын 4,5 млрд.теңгенiң қондырғыларын сатып алмақ. Өңiр басшысы ЗИКСТО зауытындағы жағдайды да өз бақылауында ұстауда.

«ЗИКСТО зауытында еңбекақы қарызы толық жабылды. Қазiр жаңа басқару тобы келдi. Кеше бас директор таныстырылды. Тапсырыс бар. Зауыттың өнiмi сұранысқа ие. Шiлденiң алғашқы тоқсанында зауыт қайта iске қосылады», — дедi өңiр басшысы.