200 солтүстiкқазақстандық дәрiгер шетелге оқуға жiберiледi

200 солтүстiкқазақстандық дәрiгер шетелге оқуға жiберiледi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов өңiр дәрiгерлерiн кәсiби мерекелерiмен құттықтады. Өз сөзiнде өңiр басшысы соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына бөлiнген қаржы 55% өстi, медициналық қондырғыларды сатып алуға сома 2 есе ұлғайды дедi. Жуық арада жаңа техника, заманауи қондырғылар сатып алынып, 14 емдеу мекемесiн жөндеу жоспарланған.

«Сапалы әрi тиiмдi жұмыс iстеу үшiн материалды-техникалық базасын жақсартуға бағытталуы тиiс. Қыркүйек айында МРТ және ангиограф алынады. Маусымда компьютерлiк томограф пен цифрлi маммограф келедi. Аудандарға 700 млн. теңгеге 25 бiрлiк қондырғы алынады», — дедi Құмар Ақсақалов.

СҚО әкiмi медициналық қызметкерлерге жағымды жаңалық жеткiздi.

«Қыркүйекте Петропавлда көпсалалы аурухананың құрылысы басталады. Бiз осы жобаға бiр жыл жұмсадық. Бұл түрiк компаниясымен жүзеге асатын ең ауқымды жоба. 2 жылда аурухана салынады. Өңiр тұрғындарымен қоса, көршiлес облыстармен мен Ресейдiң азаматтары да емделе алады. Үздiк қондырғыларда үздiк дәрiгерлер жұмыс жасамақ. Бұл үшiн шетелге 200 дәрiгердi оқуға жiберемiз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Салтанатты жиын барысында облыс әкiмi еңбегi сiңген ақ халатты абзал жандарға марапат көрсеттi.