Құмар Ақсақалов пен аудан әкiмдерi футбол ойнады

Құмар Ақсақалов пен аудан әкiмдерi футбол ойнады

Петропавлда мемлекеттiк қызметшiлер арасында дәстүрлi спартакиада өттi. Ашылу рәсiмiне СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.

«Мемлекеттiк қызмет өте жауапты жұмыс, бiлiм мен жоғары мәдениеттiлiктi талап етедi. Мемлекеттiк қызметшiлер салауатты өмiр салтын ұстанып, басқаларға үлгi көрсету керек», — дедi өңiр басшысы.

Спартакиаданың ашылуынан соң «Қызылжар» және «Солтүстiк» командалары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өттi. Футбол алаңына Құмар Ақсақалов пен аудан әкiмдерi шықты. Ойын 2-1 есебiмен облыс әкiмi ойнаған «Қызылжардың» пайдасына аяқталды.