
СҚО әкiмдiгiнде баламалы энергия көздерiн дамытуға арналған жиын өттi. Қазiр өңiрде жылыту биоқазандықтарын орнату жұмысы қызу жүргiзiлуде. Облыста 100 жуық қазандық орнатылса, биыл тағы 27-сiн қосу көзделген. 48 бюджеттiк нысан бұл жүйеге қосылады.
«Бiз зығырдың сабанын энергия көзi ретiнде қолданамыз. 1,5 тонна сабан 1 тонна көмiрдi алмастырады. 3 жылда бiз 150 млн.тг бюджеттiк қаражатты үнемдедiк. Жалпы, 500 млн.тг үнемдеуге болады», — дедi Құмар Ақсақалов.
Биоқазандықтар бұдан былай Петропавлда жиналатын болады. Петропавл ауыр машина жасау зауыты биоқазандықтарды құрастыру өндiрiсiн қолға алды. Шетелдiк қондырғылармен салыстырғанда екi есе арзан. Облыс әкiмi өңiрде ендi тек отандық қазандықтар ғана орнатылатындығын, және барлығын жергiлiктi өндiрiстi қолдауға шақырды.