
СҚО әкiмдiгiнiң отырысында облыстың 5 айдағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары шығарылды. Барлық салалар бойынша оң өсiм байқалады. Дегенмен, әлi де қарқын қосу керек.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын ұлғайту бойынша тапсырма бердi. Бiзге экономиканы дамыту үшiн барлық мүмкiндiктердi пайдалану керек. Ауыл шаруашылығын одан сайын әртараптандырып, бидай-бұршақ дақылдарын көбейту керек. Бұл салаға мемлекеттiң қолдауы күштi», — дедi Құмар Ақсақалов.
Тұрғындарды жұмыспен қамту — басты бағыттардың бiрi. Жыл басынан берi облыста 6 мыңға жуық жұмыс орны пайда болды. Жыл соңына дейiн 12 мың тұрақты жұмыс орны ашылады, 28 мың адам еңбекпен қамтылады.
Баспана мәселесi де өзектi тақырыптардың бiрi. Биыл өңiрде 2245 пәтер салынады. 8300 адам жаңа қонысқа көшедi. 126 көп балалы отбасы да пәтер кiлттерiне ие болады.