Петропавлда күзде спорт колледжi ашылады

Петропавлда күзде спорт колледжi ашылады

СҚО әкiмi Азия бiрiншiлiгiнiң жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiмен кездесiп, оларды абыройлы өнер көрсетулерiмен құттықтады. Өңiр басшысы спортшыларға және бапкерлерiне құрмет грамотасы, алғыс хат және ақшалай сыйақыларды табыс еттi.

Алтын жүлденi балуан Нұрқожа Қайпанов әкелдi. 20 жастағы спортшы ел күресi тарихындағы ең жас чемпион атанды. Велоспортшылар үздiк екендiктерiн тағы бiр дәлелдедi. Жандос Бижiгiтов пен Артем Захаров топтық жарыста биiк тұғырдан көрiндi. Жеңiл атлетшiлер де күмiс және қола жүлделердi иелендi.

«Бiз болашақта да талантты спортшыларға кәсiби тұрғыда өсу үшiн бар жағдайды жасаймыз. Күзде дарынды балаларға арналған спорт колледжi ашылады. Бұл қадам өңiрдегi спортты дамытуға үлкен серпiлiс бередi. Оған қоса, өзiмiздiң спорттық кадрларды дайындау да маңызды iс екенiн атап өткiм келедi», — дедi Құмар Ақсақалов.