СҚО әкiмi кәсiпкерлердi ақшасыз төлемдер жүйесiн енгiзуге шақырды

СҚО әкiмi кәсiпкерлердi ақшасыз төлемдер жүйесiн енгiзуге шақырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов бизнес-қауымдастық өкiлдерiмен кездестi. Бейресми кездесуде кәсiпкерлiк саласындағы маңызды мәселелер қозғалды.

Қазiр халық тұтынатын барлық тауарлар мен азық-түлiк өңiрде шығарылуы тиiс. Соған арнайы жеңiлдетiлген несиелер берiлуде. Алайда, облыста бизнесмендердiң белсендiлiгi төмен.

«Қазақстанда жеңiлдетiлген несие бағдарламасына 600 млрд. тг бөлiндi. Облыста 500 млн.тг бар болғаны 4 жоба мақұлданды. Бұл тым аз. Шарттары көңiлге қонымды. Пайыздық мөлшерлеме 8-ден 6 пайызға дейiн түстi. Басымдық берiлетiн салалардың тiзiмi 108-ге дейiн өстi. Кәсiпкерлердi осы мүмкiндiктi пайдалануға шақырамын», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi көлеңкелi экономикамен күрес те басым бағыттардың бiрi дейдi. Ақшалай төлемдердiң қысқаруы көлеңкелi бизнес пен жемқорлықтың азаюына тiкелей әсер етедi.

«Бiзде 5,6 мың сауда орны бар, онда бар болғаны 1500 пост-терминал орналасқан. Өңiрде ай сайын картаға 27 млрд. тг ақша түссе, оның 22 млрд. тг ақшалай түрде алынады. Тек 16 пайызы ғана ақшасыз төлемдердi құрап отыр. Осы айырмашылықты қысқарту үшiн барлық жерде ақшасыз төлем жүйесiн енгiзу керек», — дедi өңiр басшысы.