
Петропавлда облыс әкiмiнiң қатысуымен СҚО бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өттi.
Сессияда сөз сөйлеген өңiр басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгiнде көпұлтты қазақстандықтардың береке-бiрлiгi мен ынтымақтастығын жарастырған татулықтың темiрқазығына айналды дедi. Облыс әкiмi қиын сәтте Арыс халқына көмектескен өңiр тұрғындарына алғысын жеткiздi.
«Ел халқының бiрлiгi Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсеткен кезде айқын көрiндi. Солтүстiкқазақстандықтар бiрiншi күннен бастап гуманитарлы көмек пунктiн ұйымдастырып, 25 маусымда 100 тонна жүктi Арысқа жiбердi. Қиын сәтте ағайынға көмек қолын созған облыс халқына алғысым шексiз», — дедi Құмар Ақсақалов.