СҚО әкiмi: «Журналистер қанатта жүретiн эквилибристер сынды»

СҚО әкiмi: «Журналистер қанатта жүретiн эквилибристер сынды»

28-шi маусым — БАҚ қызметкерлерiнiң күнi. СҚО журналистерiн төл мерекелерiмен облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады.

Өңiр басшысы БАҚ өкiлдерiне жоғары кәсiби шеберлiк және қызметке адалдығы үшiн алғысын жеткiздi.

«Қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру — қиын жұмыс. Сiздер қанатта жүретiн эквилибристерге ұқсайсыздар. Бiр уақытта басылымның рейтiнгiсiн көтере отыра, сапалы материал жазып шығу керек. Осының барлығын қатар ұстап жүрген журналистердiң еңбегi орасан», — дедi Құмар Ақсақалов.

СҚО әкiмi журналистерге әр түрлi деңгейдегi марапаттарды табыс еттi.