Солтүстiкқазақстандықтар Арысқа асарға келдi

Солтүстiкқазақстандықтар Арысқа асарға келдi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс бабымен Түркiстан облысының Арыс қаласына келдi. Облыс әкiмi жөндеу жұмыстарының барысын қадағалап, жергiлiктi тұрғындармен кездестi. Бұл жайында Құмар Ақсақалов Facеbook желiсiндегi жеке парақшасында жазды.

«Халқымыздың бiрлiгiн паш ететiн «асар жасау» жақсы дәстүрi бар. Қиын сәтте Арыстағы ағайынға көмектесу үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы асарлатып, келiп қалды.

Қазiр Арыста тұрғын үйлер қалпына келтiрiлуде. Атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының барысын қадағаладым. Қазiр мұнда бiздiң облыстың шұғыл штабы жұмыс iстеуде. Солтүстiкқазақстандықтар бiр үйдiң баласындай бiрiгiп, риясыз көмектерiн аямады. Терiскейден арыстықтарға 100 тоннадан аса гуманитарлы көмек келдi. Арыс тұрғындарымен кездесiп, солтүстiктегi ағайынның сәлемiн жеткiздiм. Жан-жақты көмекке риза болған Арыс жамағаты солтүстiкқазақстандықтарға алғыстарын айтып жатты, — деп жазды СҚО әкiмi.