
СҚО әкiмдiгiнiң отырысында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту әңгiме арқауына айналды. Қазiр өңiрде 30 мыңнан аса ШОБ субъектiлерi жұмыс жасайды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша барлық салықтардың 56% шағын және орта бизнес өкiлдерi төледi. 537 млрд. теңгенiң өнiмi шығарылды, өсiм 3,6% құрады.
Шағын және орта бизнесте басым бағыт — сауда болып табылады. Оның үлесi 40%, ал өндiрiспен тек 4% ғана айналысады. Өңiрде кәсiпкерлiктi қолдауға бағытталған мемлекеттiң 46 бағыты бар. СҚО әкiмiнiң айтуынша, оң көрсеткiштерге қарамастан, кәсiпкерлердiң белсендiлiгi төмен.
«Мемлекеттiк қолдаудың механизмдерi жетерлiк, кәсiпорындардың саны өсуде, салық түсiмi көбейдi, бiрақ кәсiпкерлiк белсендiлiк төмен. Бизнесмендерге бар жағдай жасалған. Тексерiстердi азайттық. 2018 жылы 30%, биыл тағы 10% қысқарды. Барлық процестер автоматтандырылып, күту уақыты қысқарды», — дедi Құмар Ақсақалов.