СҚО әкiмi: «Бiздiң мақсат — халықтың әл-ауқатын жақсарту»

СҚО әкiмi: «Бiздiң мақсат — халықтың әл-ауқатын жақсарту»

СҚО-да облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен тұрғындардың табысын өсiру жөнiндегi жұмыс тобының отырысы өттi. Жұмыс тобы бiрнеше бағыт бойынша жұмыс жасайды: көлеңкелi экономикамен күрес, солтүстiкқазақстандықтардың табысын арттыру, «конверттегi жалақыны» жою, еңбек саласында бақылауды күшейту және сауда нысандарын цифрландыру. Бұл шаралар еңбекақы қорының және салық базасының өсуiне алып келмек.

«Облыста тұрғындардың табысы республикамен салыстырғанда 30% төмен. Бiздiң мақсат — кәсiпорындардың жүйелi түрде еңбекақыны өсiруiне жағдай жасау. Талдау көрсеткендей, жеке сектордың басшылары өндiрiс пен еңбекақыны өсiрудiң орнына қаржыны шығындарға қосып қояды. Барлық табыстың 83%, шамамен 403 млрд. тг. капиталды шығынға жұмсалған. Ал салық пен жалақыға тек 10% қана бағытталған. 8 есе айырмашылық», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы сауда нүктелерiнде POS терминалдарды орнату жұмысын белсендiрудi тапсырды. Автобустарда электронды билет жүйесiн енгiзуге де қарқын қосу керек. Таксо парктерде де осындай жұмыс атқарылатын болады.

Жиынды қорытындылаған облыс әкiмi жұмыстың нәтижелерi туралы апта сайын баяндап отыруды тапсырды. «Әр апта сайын бiз оң өзгерiстердi көруiмiз керек», — дедi Құмар Ақсақалов.