СҚО әкiмi: «Халықтың әл-ауқатын жақсарту — шаруаларға ортақ мiндет»

СҚО әкiмi: «Халықтың әл-ауқатын жақсарту — шаруаларға ортақ мiндет»

Бүгiн Есiл ауданының Заградовка селосында облыс басшылығы, серiктестiк иелерi және аудан әкiмдерi жиналып, агроөнеркәсiп кешенiнiң дамуы және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру төңiрегiнде сөз қозғады.

Заградовка — облысымыздағы үлгiлi ауылдардың бiрi. Оның бәрi еңбекқор диқандар Иван Фисенко мен Юрий Шолдiң арқасы. Жер иелерi ауыл шаруашылығымен жiтi айналысып, ауылда барлық жағдайды жасауда.

Аудан әкiмдерi мен серiктестiк басшыларына ауыл бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Қазiр заманауи сүт-тауар фермасы салынуда. Жуырда сұйық минералды тыңайтқыштар шығаратын цех iске қосылады. Қонақтарға Солтүстiк Қазақстанда шығарылған бiрiншi биоқазандық та көрсетiлдi. Қазiр бүкiл үйлер автономды жылыту жүйесiне қосылған.

Иван Фисенко мен Юрий Шоль әлеуметтiк салаға да көп көңiл бөледi. Фельдшерлi-акушерлiк пункт салынып, медициналық қондырғы қойылды. Ауылда тiс дәрiгерi де жұмыс iстейдi. Жер иелерi жұмысшыларына 8 жаңа үй тұрғызуда. Жабық хоккей корты салынып, жуырда демалыс орталығы есiгiн айқара ашпақ.

Заградовкада облыс әкiмi аграрийлермен жиналыс өткiздi. Аудандардан 200 жуық серiктестiк басшылары келдi. Барлығына мiндет айқын: халықтың әл-ауқатын жақсартып, әлеуметтiк мәселелердi шешу.

«Бiз Заградовка селосына әдейi келдiк. Серiктестiк басшылары Иван Фисенко мен Юрий Шолдың қалай жұмыс iстеп жатқанын көрсiн дедiк. Мен оларға алғыс айтамын. Олар өз жұмысшыларына және тұрғындарға бар жағдайды жасауда. Адамдар ауылдан кетiп жатқан жоқ, керiсiнше осында ұмтылуда. Өйткенi, жоғары табысты жұмыс бар, баспанамен қамтамасыз етiлген, әлеуметттiк инфрақұрылым жасалған. Барлық шаруалар осындай азаматтардан үлгi алсын», — дедi Құмар Ақсақалов.