
Жаңа оқу жылында дәстүрлi форматта — 345 мектеп, қашықтықтан оқыту форматында — 132 мектеп бiлiм алуда. Қашықтықтан оқыту кезеңiне мектеп оқушыларына бiздiң мектептердiң балансындағы компьютерлер уақытша пайдалануға берiлдi.
Бюджет қаражатын үнемдеу есебiнен жергiлiктi бюджеттен 384 147 мың теңге сомасына 1972 бiрлiк компьютерлiк техника сатып алынды, 8374 мың теңге сомасына USB-модемдер, 4G-роутерлер — 538 бiрлiк сатып алынды.
Бұдан басқа, ҚР Үкiметiнiң резервiнен 11990 бiрлiк жабдық (компьютерлер — 1980, ноутбуктер — 7444, планшеттер — 2566) сатып алуға 1,8 млрд. теңге бөлiндi.
Қазiргi уақытта 14785 компьютерлiк техника, оның iшiнде Үкiмет резервiнен 5046 бiрлiк техника берiлдi.