Бұл жайында әлеуметтiк желiлердегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.
Қазiр 7 аудандағы 11 елдi-мекенде карантин енгiзiлдi. Бұл тiзiмге тағы 6 ауыл қосылады. Шұғыл штаб жұмыс iстеп жатыр. Аумақтарда дезинфекция жасалуда. Республикалық арнайы жасақ өлген құстарды жоюмен айналысуда. Үй құстарына екпе егiлуде. Облысқа 873 мың доза отандық вакцина бөлiндi.
«Iндетке ұшыраған үй құстарының иелерiне ақшалай өтемақы төленедi. Бұл жұмыспен құрылған арнайы комиссия айналысуда. Сондай-ақ, құс шаруашылығындағы жұмыс орындарын сақтап қалып, жұмыртқа мен құс етiнiң бағасының өсуiне жол бермеу қажет. Құс фабрикаларында жұмыртқаның қажеттi қоры бар», — деп жазды өңiр басшысы Құмар Ақсақалов.
Құс өсiрушiлерге құлаққағыс: құстарды су көлдер мен өзендерге шығармаңыздар, құстарды жабық жерде ұстап, жабайы құстармен байланысты болдырмау керек.