Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-тамыздың нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 303 106,6  млн.теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2021 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 1,6%-ға жоғары.  

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (81,5%) 2022 жылғы қаңтар-тамызда 247 115,3 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2021 жылғы қаңтар- тамыз деңгейінен 5,7% -ға жоғары.

2022 жылғы қаңтар-тамызда тамақ өнімдерінің өндірісі 136 228,9 млн.теңгені құрады, етті қайта өңдеу және консервілеу 21,4% - ға ұлғайды, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 6,5% - ға азайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 29,4%-ын алатын машина жасау саласында 72 776,4 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылғы қаңтар-тамызға 4,1%-ға артық.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 4 083,3 млн. теңгеге өнім шығарылды, өзге де метал емес минералды өнімдер 6 335,6 млн. теңгеге шығарылды немесе бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңге 9,9%-ға төмен.

2022 жылғы қаңтар-тамызда электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласындағы көлемі 36 398,2 млн.теңгені құрады.

2022 жылғы қаңтар-тамызда сумен жабдықтау саласының көлемі
11 451,4 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-тамызға 88,3%.

ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде 2022-2025 жылға шамамен 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 256,9 млрд.теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы. 2022 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 343,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2021 жылғы қаңтар- тамыз деңгейіне 109,7%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 66,1 мың тоннаны немесе 2021 жылғы қаңтар- тамызға 103,8% құрады.

Сүт –

464,1

мың тонна

(102,0%);

Жұмыртқа –

499,6

млн. дана

(146,2%).  

2022 ж. 01.09. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ -

448,8

мың бас

(103,8%);

с.і. сиыр -

220,3

мың бас

(102,4%);

қой -

453,6

мың бас

(102,6%);

ешкі -

18,2

мың бас

(99,8%);

жылқы -

153,7

мың бас

(105,4%);

шошқа -

255,3

мың бас

(114,8%);

құс -

5003,9

мың бас

(102,8%).

Кәсіпкерлік. 2022 жылғы 1 қаңтарға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 31 408 бірлікті құрады.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2022 жылғы қаңтар-шілде облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 319,2 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылғы сәйкес кезеңге 1,5 есе өсу, соның ішінде тауарларды экспорттау – 191,5 млн. АҚШ доллары (1,5 есеге ұлғаю), импорт – 127,8 млн. АҚШ доллары (1,7 есеге ұлғаю). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 63,7 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 24,6%), Қытай (10,9%), Өзбекстан (18,8%), Польша (7,8%), Бельгия (10,7%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» - барлық экспорт көлемінің 98,2%-ы немесе 188,0 млн. АҚШ доллары.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 17,6%), Германия (48,7%), Украина (3,3%), Түркия (5,9%), АҚШ (4,4%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 72,5%-ы немесе 92,6 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (13,4%-ы немесе 17,2 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (5,9%-ы немесе 7,5 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (4,2%-ы немесе 5,3 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтар-шілде Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда - саттық көлемі 313,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 8,1%-ға артық, соның ішінде импорт – 263,2 млн. АҚШ доллары (8,5%-ға артық), экспорт – 50,0 млн. АҚШ доллары (6,1% - ға ұлғаю).

Негізгі капиталға инвестициялар. 2022 жылғы қаңтар-тамызда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 199 400,6 млн. теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 102,3% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 58,7%), бюджеттік қаражат (15,3%), банк кредиттері (2,9%) және басқа қарыздық қаражат (23,1%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (52,2%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (15,0%), көлік және қоймалау (15,0%), өнеркәсіп (10,9%).

Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылғы қаңтар-тамызда облыс аумағында жалпы ауданы 107 334 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңге 103,0% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2022 жылы мыналарға бөлінді:

- сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 9 115,9 млн.теңге (РБ – 8 389 млн.теңге, МБ – 726,9 млн.теңге). Игеру 3 198,8 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 92%).

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 3 200,7 млн. теңге. Игеру 2 609,5 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).

«Ауыл-Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 12,8 млн.теңге.

Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) 523,3 млн. теңге бөлінген. Игеру 241,5 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).

2022 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтік қорғау. 2022 жылғы қантар-тамызда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4443 адамды құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 15,3%-ға кем. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,5 пайызды құрады, бұл 2021 жылы қантар-тамыздағы деңгейден 0,2%-ға төмен.

2022 жылғы 1 қыркүйекке 8945 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 20706 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 2355 адам жіберілді.

2022 жылғы 1 қыркүйекке 7365 азаматқа 389,7 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 331,6 млн. теңгені құрады, 2022 жылғы 1 қыркүйек жоспарындағы 3 млрд. 983,8 млн.теңгеден 3 млрд. 983,7 млн. теңге немесе 100 % игерілді, оның ішінде:

- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 296,6 млн. теңге (ЖБ – 166,6 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 130 млн. теңге), есепті кезең жоспары 82,7 млн.теңгені құрады (ЖБ – 7,6 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 75,1 млн. теңге), атқарылғаны 82,7 млн.теңгені құрады (ЖБ – 7,6 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 75,1 млн. теңге);

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 4 млрд. 629,8 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 779,8 млн. теңге, ҰҚ-дан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен - 2 млрд. 850 млн. теңге), есепті кезең жоспары 278,5 млн.теңгені құрады (ЖБ – 273,8 млн. теңге, ҰҚ-дан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен – 4,7 млн. теңге), атқарылғаны 278,5 млн.теңгені құрады (ЖБ – 273,8 млн. теңге, ҰҚ-дан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен – 4,7 млн. теңге);

- Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2022 жылы облыстық бюджетте барлығы 3 279,6 млн.теңге қарастырылған. Соның ішінде Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында жылдық жоспар облигациялық қарыз есебінен 1 551,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

- Петропавл қаласы «Береке» ықшам ауданында ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана салуға – 1 149,5 млн. теңге. 2022 жылдың 1 қыркүйек жоспар – 490 млн.теңгені құрады, қаражат толық игерілді

- Петропавл қаласында («Жас өркен» ықшам ауданы) ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салуға 401,9 млн.теңге бөлінді. Есепті кезең жоспары – 256,7 млн.теңге, игерілу 100%-ды құрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен:

- Петропавл қаласында («Жас өркен» ықшам ауданы) ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салуға 1 676,4 млн.теңге бөлінді. Есепті кезең жоспары – 200 млн.теңге, қаражат толығымен игерілді.

Жергілікті бюджет қаражатынан денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 48,4 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:

Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында медициналық пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 1,5 млн.теңге. 1 қыркүйегіне жағдайы бойынша жоспардағы 0,3 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады;

Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн.теңге;

Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу –3,2 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 1,1 млн.теңгеден қаражат толық игерілді;

Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн.теңге;

Қызылжар ауданының Якорь ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн.теңге. 1 қыркүйегіне жағдайы бойынша жоспардағы 0,4 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Привольное ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктін салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 1,8 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 0,1 млн.теңгеден қаражат толық игерілді;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 0,6 млн.теңге;

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 2,8 млн.теңге. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне жоспар – 2,8 млн.теңгені құрады, қаражат толық игерілді.

  • «Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 14,1 млн.тенге. Жоспардағы 11,4 млн. теңгеден игерілу 100 % құрады;

«Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу – 1,5 млн.теңге;

«Петропавл қаласында медицина колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу» жұмыс жобасын түзету (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 11, 3 млн.теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылында 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияны жобалау және салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 3 млн.теңге.

Республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін субвенциялар есебінен:

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) – 1,0 млн.теңге;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 2,4 млн.теңге.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 - мемлекеттік, 15 - жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 384 шағын-орталық ( 4 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2022-2023 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 465 бірлікті құрайды.

«Білім» саласына 2022 жылға 125873,7 млн. теңге қарастырылды.

2022ж.01.09 жоспардағы 81982,2 млн.теңгеден игерілу 81927,0 млн.теңгені немесе 99,9% құрады.

Барлығы 2022 жылға білім беру объектілерін дамытуға 10 672,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

– Тайынша қаласында Қазақстан Конституциясы көшесі, 201 мекенжайында 600 орындық мектеп салу - 486,7 млн. теңге. 2022 жылғы 1 қыркүйек жоспарындағы 486,7 млн.теңгеден игерілу 100% құрады.

-        Тайынша ауданы Вишневка ауылы Школьная көшесі, 36 мекенжайында 120 орындық мектеп салу – 100,0 млн.теңге. Жоспардағы 16,7 млн.теңгеден қаражат толық игерілді.

- Петропавл қаласында 50 орындық жатын корпусы бар 300 орындық мектеп-интернатты жобалау және салу (сыртқы желісіз және аумақты абаттандырусыз), қосымша – 155 млн.теңге.

– Пушкин көшесі, 85 Б мекенжайында орналасқан Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Kozybaev University Teaching and research center" оқу-зертханалық корпусын салу (сыртқы инженерлік желі) - 64,1 млн. теңге.

-        Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу. Түзету – 132,2 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 131,4 млн.теңгеден игерілу 100% құрады.

-        Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Kozybaev University Teaching and research center" оқу-зертханалық корпусын салу – 2560,7 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 1095,7 млн.теңгеден қаражат толық игерілді.

-        Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан (сыртқы инженерлік желі) "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу" жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу – 7,5 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 7,1 млн.теңгеден қаражат толық игерілді.

- Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан (сыртқы инженерлік желі) Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу" жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу - 1,2 млн. теңге.

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 3970,1 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 1999,5 млн. теңгеден 1990,8 млн. теңге немесе 99,6% игерілді.

Қосымша

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2020 жыл

2021 жыл

Қаңтар - шілде

2022 ж. 2021 ж. %

2021

жыл

2022 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

104

105,5

63,7

66,1

103,8

Сүт

мың тонна

597,8

635,2

455,2

464,1

102,0

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

558,4

552,9

341,6

499,6

146,2

Дата публикации
27 сентября 2022
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы