Биылғы жылдың 15 қыркүйегінде облыс әкімі аппаратының және басқармалардың жас мамандарымен семинар-кеңес өтті. Кездесу бейресми жағдайда өтті. Семинар барысында «әдеп» деген ұғымға назар аударылып, философиялық тұрғыда түсінік берілді және оның нормативтік тұрғыдағы «қызмет әдебі» ретіндегі мәні туралы айтылды. Ежелгі грек философы Аристотель енгізген «әдеп» сөзінің шығу тегі туралы сөз болды. Сондай-ақ, жас мамандармен қызмет әдебі мәселесін реттейтін нормативтік құқықтық құжат интерактивті форматта талқыланды. Кездесуге қатысушылардың бастамасымен басқа да қызықтыратын мәселелер талқыланды. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы Б.Қ.Жанболов және облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы С.Ғ.Ғайсин қатысты, олар семинарға қатысушылармен мемлекеттік қызметтегі өз тәжірибесімен бөлісіп, кездесу соңында жылы лебіздерін білдірді.