2022 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Б.Қ.Жанболовпен бірге әдеп жөніндегі уәкіл институтының қызметін жариялау, қоғам алдында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдебін сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында, Мамлют ауданының жергілікті атқарушы органдарына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Түсіндіру жұмысымен Краснознаменное, Пригородное және Становское ауылдық округтері әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері қамтылды. Сапар тамаша мереке – Білім күнімен тұспа-тұс келді. Осыған байланысты Краснознаменный ауылдық округінің Калугин ауылындағы жалпы білім беретін мектепке арнайы барып, мұғалімдер мен оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтадық, 1-сынып оқушыларына жылы лебіз білдірдік. Сапар соңында Мамлют ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті.