Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Біз әр шешімді мұқият саралап, әр істі байыппен жасауға тиіспіз. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Мұның бәрі – оңай жұмыс емес, біртіндеп қалыптасып, жылдар бойы жалғасатын үдеріс. Бұл жұмыс бізден жоғары жауапкершілікті, елімізге және бір-бірімізге деген жанашырлықты талап етеді. Сондықтан баршаңызды жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын.
Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағдарлануы тиіс.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
1. Кіріс көздерінің барлық түрлері бойынша облыс бюджеті 2022 жылғы 6 ай жоспарындағы 177 909,8 млн. теңгеден 101,5%-ға атқарылды немесе 180 658,9 млн.теңге түсті. Оның ішінде:
Меншікті кіріс бойынша жоспар 46 539,3 млн.теңге сомасында немесе 105,4% атқарылды (жоспар – 44 135,9 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаменті есепке алатын салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 39 659,5 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет жоспары 19 861,0 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 19 798,5 млн. теңге. Нақты есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 41 380,4 млн.теңге немесе 104,3%, оның ішінде облыстық бюджетке 20 027,5 млн. теңге немесе 100,8%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне 21 352,9 млн. теңге немесе 107,9% түсті.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 132 728,0 млн.теңге сомасында немесе 100,0% түсті.
2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2022 жылғы 1-жартыжылдықта 99,8% атқарылды, жоспардағы 182 806,7 млн. теңгеден шығыстар 182 469,8 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 336,9 млн. теңге сомасында игерілмеді.
Білім беру саласы бойынша шығыстар 2022 жылғы 1-жартыжылдықта 64 954,6 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 100% (жоспар – 64 962,4 млн. теңге).
Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 2 671,3 млн. теңгеден игерілу 2 671,3 млн. теңгені немесе 100% құрады.
Күрделі жөндеуге 591,6 млн.теңге бағытталды, игерілу 591,6 млн.теңгені немесе 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 102,7 млн. теңге бағытталды, жоспардың игерілуі 100 пайызды құрады (жоспар 102,7 млн. теңге).
1-кесте

Денсаулық сақтау бойынша 2022 жылғы 1 шілдедегі шығыстар 2840,8 млн. теңгені (2-кестеге сәйкес) немесе 99,8% (жоспар 2 845,9 млн. теңге) құрады.
Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 447,1 млн. теңгеден игерілуі 100% құрады.
Күрделі жөндеуге жоспар бойынша 73,3 млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспар бойынша 138,4 млн. теңге бағытталды, игерілуі 133,7 млн.теңгені немесе 96,6% құрады.
2-кесте

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 6 296,0 млн. теңгені немесе жоспардың 99,9% құрады (жоспар 6 300,6 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 1,5 млн. теңге бағытталды, жоспар 100 пайызға игерілді (жоспар 1,5 млн.теңге).
3-кесте

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 4 873,5 млн. теңгеден 4 868,7 млн. теңгені немесе 99,9% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 16,3 млн. теңге немесе жоспардың 97,0% бағытталды (жоспар 16,8 млн. теңге).
4-кесте

Спорт бойынша жоспардағы 5 323,6 млн. теңгеден 5 308,9 млн. теңге немесе 99,7% игерілді (5-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 79,9 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 79,9 млн. теңге немесе 100%).
5-кесте

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында жалдамалы-коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2022 жылғы 1 шілдедегі тұрғын үй салуға шығыстар 10 398,9 млн. теңгені құрады (жоспар 10 512,7 млн. теңге немесе 98,9%), оның ішінде Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 2 382,8 млн.теңге тұрғын үй салуға бағытталды.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2022 ж. 01.07 жоспарындағы 1 253,3 млн.теңгеден 1 174,4 млн.теңге немесе 93,7,1% игерілді.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 2021 жылғы 1 шілде жоспарындағы 7 156,5 млн. теңгеден игерілу 7 064,2 млн.теңгені немесе 98,7% құрады.